"Аялы - Ай" бөбекжайына денешынықтыру нұсқаушысына бос жұмыс орын жариялау
«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекетік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары № 57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының (әрі қарай - МКҚК) денешынықтыру нұсқаушысы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:
Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград аданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қоянды ауылының «Аялы - Ай» бөбекжйы МКҚК
«Аялы - Ай» бөбекжйы МКҚК -нің мекен жайы: индекс 800154 Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылы Қазақстан көшесі 30
Телефон: 87755161562
Лауазымдық жалақысы: еңбек еткен жылдарына байланысты 210000 теңгеден 226000 теңге аралығында
«Аялы - Ай» бөбекжйы МКҚК –нің негізгі қызметі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың арнайы оқу жоспарларын жүзеге асыру.
«Аялы - Ай» бөбекжайы МКҚК денешынықтыру нұсқаушысына біліктілігіне қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: мектепке дейінгі ұйымының дене тәрбиесі нұсқаушысына қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар дене тәрбиесіне оқытудың қазіргі заманғы әдістерімен оқыту.
Дене тәрбиесінен инновациялық технологиялық және оқытудың отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын оқып білумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.
Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды. Компьютерді жақсы біледі және ақпараттық коммуникацияны меңгерген.
Дене шынықтыру-салауатты ортаны дамытуға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымымен бірге, сондай-ақ, ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен түрлі спорттық және сауықтыру іс-шараларын жүзеге асырады. Іс-шараларды ұйымдастыру кезінде санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалайды.
Оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының есептілігі бойынша белгіленген құжаттарды жүргізеді.