Текст
Карта сайта
- Мектепке дейінгі ұйымдарда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары
- "Аялы-Ай" бөбекжайы мемлекеттік қызмет көрсету
- Ата-аналар жиналысы
- Бөбекжайда тәрбиеленушілердің тамақтану сапасын бақылау сараптамалық топ, ас мәзірі
- "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы"
- 15-Наурыз Референдум
- Конституция күнін мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде жыл сайын 15 наурызда атап өтетін болдық
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЖӘНЕ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ, ЛИЦЕЙЛЕР МЕН ГИМНАЗИЯЛАРДЫҢ МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫПТАРЫНДАНАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЕРТЕҢГІЛІКТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ ПО ОРГАНИЗАЦИИ УТРЕННИКОВ «НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ» В ДОШКОЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЯХ И ПРЕДШКОЛЬНЫХ КЛАССАХ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ШКОЛ, ЛИЦЕЕВ И ГИМНАЗИЙ Астана 2026 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институты базасында әзірленген Мектепке дейінгі ұйымдар және жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында Наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктерді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық. Әдістемелік нұсқаулық – Астана, 2026 жыл. – 5 бет. Нұсқаулықта мектепке дейінгі ұйымдаржәне жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында Наурыз мерекесіне арналған іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар қарастырылған. Нұсқаулықбілім беру ұйымдарының басшылары, балабақша әдіскерлері, педагогтері мен тәрбиешілеріне арналған. Нұсқаулық ҚР ОМ «Балаларды ерте дамыту институтының» Ғылымиәдістемелік кеңесінде қаралып, ұсынылған (2026 жылғы 11 наурыздағы №2 хаттама). Балаларды ерте дамыту институты, 2026 жыл ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА Наурыз мейрамы - көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын, береке мен бірлікті білдіретін ежелгі мереке. Бұл мейрам қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын дәріптейтін ерекше күн болып табылады. Наурыз – адамдарды татулыққа, сыйластыққа, мейірімділік пен ізгілікке шақыратын мереке. Мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында Наурыз мерекесін атап өту балаларды ұлттық мәдениетпен таныстыруға, қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Наурыз мерекесін ұйымдастыру барысында балаларға қазақ халқының ұлттық ойындары, салт-дәстүрлері, тағамдары мен әдет-ғұрыптары туралы түсініктері кеңейтіліп, дәріптеледі. Балалар тақпақ айтып, ән айтып, би билеп, ұлттық ойындарға қатысу арқылы мерекелік көңіл-күйді сезінеді. Балалардың достық қарым-қатынасы және ұлттық құндылықтарға деген құрметі қалыптасады. Мерекелік шараларды ұйымдастыру кезінде балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру аса маңызды. Мерекелік бағдарламаның мазмұны тәрбиелік мәнге ие болып, балалардың дамуына оң әсер етуі тиіс. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде мектепке дейінгі ұйымдарда мерекелік іс-шараларды өткізу барысында балаларға жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін заманауи хит әндерді орындату, жасына сай емес би жанрларын билету, сондай-ақ мазмұны мен орындау мәнері мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін, әрі тәрбиелік мәні жоқ бейнеклиптерді қайталап сахналау үрдісі белең алып отыр. Наурыз мерекесін мектеп жасына дейінгі балалармен атап өту – өскелең ұрпақтың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға, туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған маңызды тәрбиелік шаралардың бірі болып табылады. Сондықтан мерекелік бағдарламаларда балаларға арналған әндер, халық әндері, ұлттық әуендер, ойын-би элементтері және тәрбиелік мазмұндағы шығармалар қолданылғаны жөн. Бұл балалардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Мерекелік шараларды жоспарлау кезінде педагогтер балалардың жас ерекшелігіне сай, тәрбиелік маңызы бар шығармаларды таңдап, мазмұны мен орындалуы балалардың даму деңгейіне сәйкес келуін қамтамасыз етуі қажет. Бұл нұсқаулық меншік түрлері мен нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан (мемлекеттік, жекеменшік) мектепке дейінгі ұйымдарда Наурыз мерекесіне арналған шараларды ұйымдастырудаәдістемелік көмек көрсетуүшін әзірленді. Мақсаты - балаларды қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениетімен таныстыру, ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру болып табылады. Міндеттері: - балаларға Наурыз мерекесінің мазмұнын түсіндіру; - қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары және ұлттық ойындарытуралы түсініктерін кеңейту; - балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; - сыйластыққа, бірлікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Осыған байланысты, Балаларды ерте дамыту институты түрлі ұлттық ойындарға деген қызығушылықты ояту, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасы мен дәстүрлеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында жыл сайын «Ханталапай», «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» республикалық байқаулары ұйымдастырылып отырады. Демек, мерекелік шараларда тек ән, бимен ғана шектелмей, түрлі форматта өткізуге болады. Мұндай шаралар барысында қатысушылар қазақтың ұлттық ойындарын жаңғыртып, ұлттық өнер мен қолөнер үлгілерін таныстырады, сондай-ақ отбасы мүшелерінің бірлескен шығармашылығы мен еңбегін көрсетеді. Балалардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұйымшылдық пен ынтымақтастыққа тәрбиелеуге ықпал етеді. Нұсқаулықбілім беру ұйымдарының басшылары, балабақша әдіскерлері, педагогтері мен тәрбиешілеріне арналған. ІС-ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ Іс-шараның форматы, мазмұны және өткізілу орны мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке қажеттіліктеріне, мектепке дейінгі ұйымдардың мүмкіншіліктерін, қауіпсіздік жағдайларын ескере отырып айқындалады. Сондай-ақ, іс-шараларды ұйымдастыру барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мерекелік мәдениетті қалыптастыру,балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту басты назарда болуы тиіс. 1. Музыкалық репертуарларды таңдауға қойылатын талаптар Мерекеніатап өту кезінде музыкалық материалдар балалардың жас ерекшеліктеріне және тәрбиелік мақсатқа сәйкес болуы тиіс: -тойларда орындалатын хит әндерді («Балқия», «Қызыл раушан», «Сен керексің» және т.б.) пайдалануға; -мәтіні балаларға түсініксіз немесе ересектерге арналған әндерді орындауға (рэп, хип-хоп және т.б.),бейнеклиптерді қайталап сомдауға; -шамадан тыс қатты дыбысты және агрессивті ырғақты музыкаларды қолдануға; - музыкалық шығармалардың мазмұны мен орындау мәнері балалардың тәрбиесіне кері әсер етуі мүмкін репертуарды мерекелік шараның бағдарламасына енгізугеқатаң тыйым салынады. Ұсынылады: -қазақ халық әндерінің балалардың жасына сәйкес нұсқалары; -балаларға арналған көктем, достық, табиғат туралы әндер; -ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалатын әуендер. Мұндай репертуарлар балалардың музыкалық қабілеттерін дамытып, ұлттық мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыруға және мерекелік іс-шаралардың тәрбиелік мазмұнын күшейтуге мүмкіндік береді. 2. Би композицияларын ұйымдастыру Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, би қойылымдары қарапайым, түсінікті және тәрбиелік мәні бар мазмұнда ұйымдастырылуы тиіс. Би қозғалыстары балалардың дене дамуына, қимыл үйлесімділігіне, эстетикалық талғамының қалыптасуына және мерекелік көңіл-күйдің артуына ықпал етуі қажет. Сонымен қатар, би элементтері балалардың физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес болып, олардың денсаулығына, көңіл-күйіне зиян келтірмейтіндей деңгейде таңдалуы маңызды: -ересектерге арналған сахналық немесе эстрадалық би элементтерін орындауға; -күрделі хореографиялық қозғалыстарды пайдалануға; -мазмұны балалардың жасына сәйкес келмейтін билерді таңдауға; - шамадан тыс сахналық грим мен костюмдер қолдануға; - балалардың жасына сәйкес келмейтін сахналық бейнелер мен қимыл-қозғалыстарды қолдануғажол берілмейді. Ұсынылады: -қарапайым ұлттық би элементтері; -ойын-би формасындағы жеңіл қозғалыстар; -топтық және шеңбер бойымен орындалатын билер. Мұндай би түрлері балалардың шығармашылық белсенділігін арттырып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын қалыптастыруға, сондай-ақ ұжыммен әрекет ету дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. 3. Қойылымдарды, ойындарды ұйымдастыру Қойылымдар қысқа, мазмұнды және балалардың қабылдауына жеңіл, жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылып, олардың танымдық қызығушылығын арттыруға, шығармашылық белсенділігін дамытуға және ұлттық құндылықтарды таныстыруға бағытталуы қажет. Мерекелік бағдарламаларда балаларды белсенді қатыстыру, олардың өз ойын еркін жеткізуіне және ұжымдық әрекетке қатысуына мүмкіндік беру маңызды. Сонымен қатар, қойылымдардың мазмұны тәрбиелік бағытта, достық, бірлік, мейірімділік, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты құндылықтарды насихаттауы тиіс.Мысалы: -Наурыз көже дайындау дәстүрі туралы бірлескен әрекет; -үлкендерден бата алу, шашу шашу дәстүрін сахналау; - киіз үй және ұлттық бұйымдармен таныстыру; -ұлттық ойындар, турнирлер өткізу; -достық пен бірлік,табиғаттың жаңаруы, қорғау туралы танымдық әңгімелер; -театрландырылған ойындар; -шығармашылық әрекет; -ән мен тақпақтар байқауы, айтыс; Мұндай жұмыстар балалардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, ұлттық мәдени мұраға деген құрмет сезімін қалыптастыруға және ұжымдық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. 4. Мерекелік шараларды ұйымдастыруда: Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру барысында балалардың қауіпсіздігін, эмоционалдық жай-күйін және жас ерекшеліктерін ескеру басты назарда болуы тиіс. Мереке балаларға жағымды әсер қалдырып, олардың шығармашылық белсенділігін арттыруға және ұжымдық ортада еркін әрекет етуіне жағдай жасауға бағытталуы қажет. Сонымен қатар, мерекелік шараларды өткізу кезінде балалардың шаршап қалмауын қамтамасыз ету маңызды.Осыған байланысты келесі талаптарды сақтау ұсынылады: - залдың, топтың/сыныптың безендірілуі балалар үшін қауіпсіз болуы, қолжетімді материалдардан жасалып, мүмкіндігінше балалармен бірлескен шығармашылық жұмыстардың нәтижелерімен безендірілуі; - мерекелік бағдарламаның ұзақтығы 20-30 минуттан аспауын қамтамасыз ету; - сценарийдің мазмұны мен құрылымы балалардың жас ерекшеліктеріне және қабылдау мүмкіндіктеріне сәйкес болуы; - барлық музыкалық және сахналық материалдарды алдын ала әдіскермен немесе жауапты мамандармен келісу; - балалардың сахнадағы қауіпсіздігі мен эмоционалдық жай-күйіне ерекше назар аудару, артық толқу немесе шамадан тыс жүктеме болдырмау; - отбасы мен балабақша ынтымақтастығын нығайту мақсатында «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі», «Жас аналар мектебінің» жұмыстарын жандандыру; - аниматорларды және ақылы қызмет көрсететін бөгде адамдарды шақырусыз өткізу ұсынылады. Сонымен қатар мерекелік шараларды ұйымдастыру кезінде қарапайымдылық, тәрбиелік мазмұн және ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау қағидаттарын сақтау маңызды. Мұндай тәсіл балалардың мерекені табиғи әрі мазмұнды түрде қабылдауына, ұлттық дәстүрлермен жақынырақ танысуына және ұжымдық ортада жағымды эмоция алуына мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепалды сыныптарда Наурыз мерекесіне арналған шаралар ұлттық мәдениетті дәріптейтін, тәрбиелік маңызы жоғары іс-шара ретінде ұйымдастырылуы тиіс. Сондықтан мерекелік бағдарламаны әзірлеу кезінде мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиелік және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін, әсіресе, той, хит әндерді орындауға, ересектерге арналған би композицияларын қоюға қатаң тыйым салынады!
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілетін қоғамдық мониторинг нәтижелері
- Ата-аналарға арналған консультативтік пунктің 2025-2026 оқу жылына арналған
- Бос жұмыс орнына конкурс музыка жетекшісі
- МЕКТЕПКЕДЕЙІНГІЖӘНЕБАСТАУЫШБІЛІМ БЕРУДІҢАРАСЫНДАҒЫСАБАҚТАСТЫҚ
- Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелер жөніндегі қызмет туралы есеп
- МД ұйымнан шығару және 1-сыныпқа қабылдау туралы ақпарат
- Бос жұмыс орнына конкурс педагог-ассисент
- Консультациялық пункт мамандарының жұмыс кестесі
- Консультативтік пункт
- Мемлекеттік қызмет көрсету 2024жыл
- Консультативтік пункт
- Мобильді топ есебі
- Төлқұжат
- "Аялы - Ай" бөбекжайына денешынықтыру нұсқаушысына бос жұмыс орын жариялау
- "Аялы -Ай" бөбекжайының педагогтары мен қызметкерлері
- Cыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс - қызметі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
- Ашық бюджет
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
- Аудандық онлайн семинар
- "Ханталапай" ұлттық ойыны
- Ашық оқу қызметері 2021 - 2022 оқу жылы
- Мемлекеттік қызмет көрсету
- Мемлекеттік қызметтер
- "Аялы - Ай" балабақшасында ұйымдастырылған "Ғарыш әлемі" тақырыбындағы ашық оқу қызметтері
- "Аялы - Ай" балабақшасында ұйымдастырылған онлайн семинар 2020 -2021 оқу жылы
- 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы күніне орай ұйымдастырылған "Бақытты бала" халықаралық онлайн өнер байқауы
- Жетістіктер
- Қашықтықтан оқуды ұйымдастыру бойынша мәлімет
- "Аялы - Ай" балабақшасы
- "Аялы - Ай" балабақшасы
- "Аялы - Ай" балабақшасы
- "Аялы - Ай" балабақшасы
- "Үздік педагог -2020" байқауына қатысушы Мухамет Жанагуль
- "Аялы - Ай" балабақшасының жетістіктері
- "Astana Global fest" атты конкурстан жүлделі орындар
- "Аялы - Ай" балабақшасында 12-21 ақпан күндері аралығында өткізілген ашық есік күндері
- "Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін оята отырып, экологияны қорғай білуге тәрбиелеу" аудандық семинар
- Абай Құнанбайұлының 175 жылына арналған іс - шаралар
- "Аялы - Ай" балабақшасында педагогтар арасында өткізілген "Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін оята отырып, экологияны қорғай білуге тәрбиелеу" мастер класс
- Ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттері
- Педагог қызметкерлердің рухани демалысынан Астана Опера театры "Қыз Жібек" операсы
- "Аялы - Ай" балабақшасында ұйымдастырылған мерекелік ертеңгіліктер
- "Аялы - Ай" балабақшасында ұйымдастырылған "Жастар жылы 2019" қызметкерлер арасында өткізілген іс - шара
- "Аялы - Ай" балабақшасында ұйымдастырылған "Қарттарым - асыл қазынам" мерекелік іс - шара
- V Халықаралық балалар, жасөспірімдер және жастарға арналған "Самға әуен" және "Бала шабыты" өнер байқауының жүлделі орындары
- Спорттық сайыс
- Білім беру ұйымының қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
- Білім беру ұйымының қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
- Мемлекеттік қызмет көрсету
- Кадровое обеспечение
- Қазақстан Республикасы
- Нормотворческая деятельность
- Объявления и конкурсы
- Информация для гостей
- Жаңалықтар
- Мақалалар
- Құжаттар
- Фотогалерея
- Контакт