Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли - сад "Аялы - Ай" села Коянды при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"  
Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қоянды ауылының  "Аялы - Ай" бөбекжайы МКҚК

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бос жұмыс орнына конкурс музыка жетекшісі

"Аялы - Ай" бөбекжайына музыка жетекшісіне бос жұмыс орын жариялау

«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекетік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары № 57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының  (әрі қарай - МКҚК)  музыка жетекшісі  лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград аданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қоянды ауылының «Аялы - Ай» бөбекжйы МКҚК

«Аялы - Ай» бөбекжйы МКҚК -нің мекен жайы: индекс 800154  Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылы Қазақстан көшесі 30

Телефон: 87755161562 

Лауазымдық жалақысы: еңбек еткен жылдарына байланысты    100000  теңгеден  200000 теңге аралығында

Құжаттарды қабылдау 05.09.2025ж.басталады және 12.09.25ж.дейін

Конкурстық комиссия үміткерлердің Портфолиоларын               17.09-19.09.2025 ж.аралығында қарастырылады.

«Аялы - Ай» бөбекжйы МКҚК –нің негізгі қызметі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың арнайы оқу жоспарларын жүзеге асыру.

«Аялы - Ай» бөбекжайы  МКҚК  музыка жетекшісі  біліктілігіне  қойылатын талаптар:  жоғары, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі (музыкалық, педагогикалық) білім.
Санаттар бойынша біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары кәсіптік (музыкалық, педагогикалық) білім;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары кәсіптік (музыкалық, педагогикалық) білімінің болуы және мектепке дейінгі ұйымның музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әртүрлі әдістерін, мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілетін дамыту диагностикасының элементтерін меңгеруі, баланың даму ортасын өзгертуге белсенді араласуы тиіс.
 Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік (музыкалық, педагогикалық) білімі болуы, музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
 Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы санатты маман:  біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі заманға сәйкес музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдісі болуы тиіс. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе жоғары (музыкалық) білімі, музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
 біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:
 біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
 музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруге тиіс.
 Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта, музыкалық) білім және МДҰ-ның музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
 біліктілігі орта деңгейдегі екінші санаттағы музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әртүрлі әдістерін, мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілетін дамыту диагностикасының элементтерін меңгеруі, баланың даму ортасын өзгертуге белсенді араласуы тиіс.
 Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білімінің болуы және МДҰ музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
 біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі заманға сәйкес музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдісі болуы тиіс.
 Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білімінің болуы және МДҰ музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жылдан кем болмауы тиіс.


Текст